КММ "№21 санаториялық бөбекжай-балабақшасының" тарихы
Совет аудандық білім бөлімінің (АББ) «№21 бөбекжай-балабақшасы» 1936 жылы құрылған.
1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы кезінде "№21 бөбекжай-балабақшасы" әскери госпиталь болды. 1947 жылы ол қайтадан "№21 бөбекжай-балабақшасы" болып өз жұмысын бастады.
1985-1995 жылдар аралығында Совет аудандық білім бөліміне (АББ) қарасты мекеме болды. 2000 жылы "№21 бөбекжай-балабақшасы" Алмалы ауданы білім бөлімінің "№21 санаториялық бөбекжай-балабақшасы" мемлекетік мекемесі болып өзгертілді. Алматы қаласы Білім басқармасының "№21 санаториялық бөбекжай-балабақшасы" мемлекеттік мекемесінің басты міндеті: тубуркулезбен ауыратын балаларда туберкулездің алдын алуға бағытталған профилактикалық және емдік іс-шараларды жүргізу, туберкулезбен ауыратын балаларға жағдай жасау, мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу мен оқыту, білім беру бағдарламарын меңгеру.
Алматы қаласы Білім басқармасының "№21 санаториялық бөбекжай-балабақшасы" мемлекеттік мекемесі 2010 жылы 9 ақпанда "№21 санаториялық бөбекжай-балабақшасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып аталды.
Қазіргі таңда "№21 санаториялық бөбекжай-балабақшасында" 75 орынға арналаған төрт топ жұмыс жасайды (кіші, ортаңғы, ересек, мектепалды). Балабақшада 15 педагог, 18 қызметкер жұмыс атқарады. КММ "№21 санаториялық бөбекжай-балабақшасының" басты міндеті балалардың физикалық және психикалық денсаулығын қорғау және нығайту.